«Тіл – ұлттың жан-дүниесі» атты дөңгелек үстел

 

Тілдер мерекесі жыл сайын Қазақстанда дүбірлеп аталып келе жатқанына да біраз жылдар болды. Шығыстану факультетінде Түрксой кафедрасында: «Құтты білік» ғылыми-интеллектуалдық клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттың жан-дүниесі» атты дөңгелек үстел өтті. Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауын студенттерге жете түсіндіру, Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылау, және мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау. түркі тілдерін оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

Кафедра меңгерушісі РһD доктор Үміт Тұрсынбайқызы Қыдырбаева жиналғандарды тіл мерекесімен құттықтады. Дөңгелек үстелге А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, лексикология  бөлімінің меңгерушісі ф.ғ.д., проф. Жамал Манкеева Айтқалиқызы шақырылды. Ғалым ұстаз Жамал Айтқалиқызы студенттер алдында мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы салмақты ойларымен бөлісті. Студенттердің түрлі студенттеріне жауап берді. Тіл туралы полиглоттар тарихынан қызықты деректер берілді. Тілдер күніне байланысты 2 курс студенті Бегімай Мұхамеджан ақын Т.Молдағалиевтің тіл туралы өлеңін оқиды. Шара соңында профессор Жамал Манкеева студенттерге қолтаңбасымен кітаптарын сыйлады. Шара өте әсерлі өтті.


Кортабаева Г.К.

Халел А.

Түрксой кафедрасы

Шығыстану факультеті


Басылым күні :  14.09.2019