Эбру өнерінің көрсетілімі

Апталықтың бесінші күні, 15-наурыз түрік халқының “Ebru Sanatı” атты сурет салу өнері болды. Эбру өнерін көрсету үшін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттен арнайы қонақ ретінде Оңал Абишева шақырылды. Оңал Абишева эбру санаты жайлы көптеген ақпараттармен бөлісіп, шара соңында жасалған еңбегін кафедраға тарту етті..

Сонымен қатар, апталықтың жабылу салтанатына орай Түрксой кафедрасының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт барысында студенттер түрік тілінде ән шырқады, би биледі және поэзия оқыды. Кафедра меңгерушісі Қыдыр Төрәлі мырза іс-шара соңында ұйысдастырушыларға алғысын білдіріп, Оңал Абишеваға алғыс хат берді.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанбаева Н.Д.




Басылым күні :  18.03.2019