Түрксой кафедрасының доценті Е.З.Есбосынов Иассауи атындағы ХҚТУ жанындағы Евразия Зерттеулері Инстиутында ғылыми семинар өткізді

Үстіміздегі жылдың 17 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының доценті Е.З.Есбосынов Иассауи атындағы ХҚТУ жанындағы Евразия Зерттеулері Инстиутында «Кеңес дәуірі саясаттану ғылымы деректерінде Лозанн Бейбітшілік Пакті» атты ғылыми семинар өткізді. Семинар Түркия Республикасының құрылуы мен тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында шешуші роль атқарған Лозанн Бейбітшілік Пакті туралы болды. Аталмыш Пактінің сол жылдары түрік елінің тап болған экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарысты жоюуында халықаралық құқықтық негіз қалағаны атап өтілді. Осы тарихи оқиға туралы шынайы деректердің Кеңес дәуірі уақытында жүргізілген ғылыми еңбектерде орын алғандығы туралы сөз болды. Атап айтқанда Кеңес Одағы Ғылым Академиясына қарасты инстиуттар мен ғылыми орталықтардың түрлі сала мен санаттағы басылымдарына, оның ішінде И.Ф.Черников, А.Д.Новичев M.С.Meйер, M.П. Вронченко, Р.П.Koрниенко сияқты танымал ғалымдардың еңбектеріне шағын шолу жасалды. Орыс тілінде жарық көрген ғылыми жарияланымдардың Түркияда да өзекті екендігіне назар аударылып, Кеңес Одағы – Түркия Республикасы қарым-қатынасын зерттеп саралауда құнды да зәру ақпарат қатарында екендігі аталып өтілді. Семинар жиналған аудиторияға орай қазақ, орыс және түрік тілінде жүргізіліп, қызықты да әсерлі өтті. Семинар соңында Евразия Зерттеулері Институты директоры доктор Вакур Сүмер мырза доцент Е.З.Есбосыновқа Сертификат – Алғыс Хат табыс етті.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Сұлтанбаева Н.Д.

Басылым күні :  28.01.2019