100 кітап жобасы аясында Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасын талдау

3 желтоқсан 2018 жылы сағат 13.00 де 521 аудиторияда Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Жанатаева Күлжан Бекенқызының ұйымдастыруымен университеттің 100 кітап жобасы аясында Б. Момышұлының «Ұшқан ұя»        шығармасын шығыстану мамандығы (түрік бөлімі) 1 курс студенттерімен талқылау іс-шарасы өткізілді.

Аталған шараға Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Ж.Ә.Абелдаев қатысып, студенттермен шығарма желісі жайында, қаhарман батыр туралы ой қозғады. Студенттер тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы К.Б.Жанатаева

Басылым күні :  06.12.2018