Brain Ring интеллектуалды ойыны

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы үстіміздегі жылдың 22 қарашасы күні сағат 15:00-де кафедрасының аға оқытушылары А.Б. Балаxожаева мен Н.Д.Сұлтанбаева «Brain Ring» интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Сайыс Түрксой кафедрасының 4 түрлі мамандығы бойынша 1-курс студенттері арасында өтті. Жарыс 5 кезеңнен тұрды. Сайыс кезінде студенттер білім деңгейлерін көрсетіп қана қоймай, жан-жақты өнерлерін де көрсете алды.  

Әділқазылар ретінде Түрксой кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Т.Е.Қыдыр, профессор м.а., доцент З.Шадкам, аға оқытушылар Ү.Қыдырбаева мен Ж.Кабадайы қатысты.  

Сайыс соңында жүлделі орындар анықталып, қатысушыларға ынталандыру сый-сияпаттары тапсырылды. 

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Н.Д.Сұлтанбаева

Басылым күні :  23.11.2018