Профессор Хусейн Бағжының ғылыми семинары

13 қараша 2018ж. сағат 16.00. 457 аудиторияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының ұйымдастыруымен «Түрік сыртқы саясатының негізгі динамикасы» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарға Түркия Республикасы Орталық Шығыс Техникалық университетінің профессоры Хусейн Бағжы Мырза қатысып, Түркияның сыртқы саясаты туралы баяндамасын оқыды. Осы тақырып аясында магистранттар мен студенттер сұрақтар қойды.

ТҮРКСОЙ кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Назарова

Басылым күні :  14.11.2018