Түркия Республикасының Бас Консулымен кездесу

Шығыстану факультетінде 2018 жылдың 24 қазан күні 16.00-де Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Каған Йылмаздың «Түркияның кәсіпкерлік және гуманитарлық сыртқы саясаты» тақырыбындағы консулдық сағаты өтті. Кездесуге 60 астам студент пен кафедраның ОПҚ-сы қатысты. Консулдық сағат Халықаралық қатынастар факультетінің 3 (үшінші) дәрісханасында жүзеге асты. Консул өз баяндамасында соңғы жылдары Таяу Шығыстағы халықтар мен Орталық Азия мемлекеттеріне Түркияның гуманитарлық саладағы қызметі мен инвестициялары жайлы толық қанды ақпарат беріп өтті.

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы М.Эгамбердиев

Басылым күні :  29.10.2018