"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" атты жыр кеші

25.09.2018 ж. сағат 14.00-де 457 аудиторияда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы студенттерінің  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты жыр кеші өтті.

Жыр кешінде 3-4 курс студенттері қазақ, түрік, татар, ұйғыр, азербайжан, орыс және француз тілдерінде тіл және ана тілінің қадірі туралы шығармаларды мәнерлеп оқумен бірге туған жер жайлы ән де шырқады. Шараның соңында кафедра меңгерушісі Төрәлі Еділбайұлы мерекемен құттықтап, өлеңнің жастарға берер тәлім-тәрбиесі мен өмірде алатын орны және маңыздылығы жайлы атап өтті. Сонымен қатар, Түрксой кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Раушангүл Амирдинқызы да талантты студенттердің өнерлерін бағалап, алдағы өмірлеріне сәттілік пен жетістіктер тіледі. Ұйымдастырушылар Түрксой кафедрасының аға оқытушылары Г.Қ. Теменова, А.Ж. Назарова.

 

Түрксой кафедрасының оқытушысы  Сұлтанбаева Н.Д.       

                              

Басылым күні :  26.09.2018