Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс

2018 жылдың 17 сәуір күні сағат 17.00.-18.00 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз «Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс» тақырыбы аясында консулдық сағат жүргізді.

Консулдық сағатқа баста Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, вице-консулдар Алтай Алпер және Мехмет Дүзгін, коммерциялық атташе Осман Бозтепе, атташе Хилми Сүрмелі, Шығыстану факультетінің деканы, PhD., П.М. Ықтияр, ТҮРКСОЙ бөлімі меңгерушісі Т. Е. Қыдыр, ТҮРКСОЙ кафедрасы оқытушы профессорлар құрамы мен студенттер және тағы басқа қонақтар қатысты.

Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз өз сұхбатында Түркия мен Қазақстан арасындағы достық күшін ортақ тарихи мәдени байланыстан алатындығын, жаһандану жағдайындағы тәуелсіз Қазақстан мен Түркия республикасының өзара байланысы және оның болашағына деген сенімінің мол екендігін, қазіргі таңда ең басты мәселенің баста екі ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан мен Түркияның достық қарым-қатынастарын одан ары нығайтып, дипломатиялық, экономикалық, халықаралық, мәдени ықпалдастықты, ғылым мен білім саласындағы байланыстарды күшейту керектігін атап өтті.

Сонымен қатар Бас консул Рыза Қаған Йылмаз осындай кездесуге мұрындық болып отырған әл-Фараби университеті мен Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы ұжымына үлкен алғысын білдіріп, өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде бауырлас екі елдің дамып гүлдене беруіне тілектес екендігін тілге тиек етті.

 

ТҮРКСОЙ кафедрасы аға оқытушысы

Г.К.Теменова



Басылым күні :  25.04.2018