Иран-Тұран: Ахмет Иасауидің рухани құндылықтары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түрксой кафедрасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында  «Иран-Тұран руханиятындағы  Иасауидің орны» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Иран Ислам Республикасы Алматыдағы Бас консулы Хамид Риза,  Иран Ислам Республикасы Алматыдағы Бас Консулдығы Мәдени орталығының директоры, профессор Сейіт Жәлоли, Түркі халықтары мәдени қорының директоры Ахмет Дағдұран, Шығыстану факуьтетінің деканы, доктор РһD Ықтияр Палтөре, Түрксой кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Т.Қыдыр, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Құрманалиева Айнұр, филос.ғ.д., профессор Тұрсын Ғабитов,  «Озан» Әзірбайжандар қауымдастығының төрағасы Гариб Мамедалиоглы, «Турк Дүниясы» қорының директоры Карлин Нурдунұлы, Нұр-Мүбәрәк университетінің профессоры, доктор РһD Мухитдин Исаұлы сынды белгілі ғалымдар, зиялы қауым, дінтанушылар,  оқытушылар мен студенттер қатысты.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар Ежелгі Иран мен Тұран, ортағасырлардағы Иран мен Дешті Қыпшақ қарым-қатынастарының нәтижесінде адамзат құндылықтарын насихаттаған тұлғалардың мұрасы, оның ішінде  ХІ-ХІІ ғғ. өмір сүрген Ахмет Иасауи шығармаларындағы рухани кемелдену ұстанымдары хақында сөз қозғады.

Бабалар мұрасын насихаттау арқылы студенттерді ізгілікке, мейірімділікке баулу, ғұрып пен дәстүрді құрметтеуге шақыру – бұл шараның басты мақсаты болды. 

 

Қортабаева Г.Қ. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

Түрксой кафедрасының доценті.

 

Басылым күні :  02.04.2018