«Тәуелсіздік- тағдыр тұғырым!» атты дөңгелек үстел

14.12 2017. сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының куратор-эдвайзерлері А.Ж.Назарова және Ж.А. Абелдаевтар  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 1- 4 курс студенттерімен «Тәуелсіздік- тағдыр тұғырым!» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде студенттер еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері жеткен жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде жасады. Сонымен қатар, тәуелсіздік, туған жер, Отан туралы патриоттық өлеңдер оқылды. 2 курс студенті Жұматай Бағлан «Тұңғыш призидент»  және «Тәуелсіздігім – мәңгі жаса!» атты өзінің өлеңдерің оқып, тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Кеш соңында студенттер, магистранттар және оқытушылар тәуелсіздік мерекесінің орны ерекше екеніне тоқтала отырып, ізгі-тілектерін білдірді.   

  А.Ж.Назарова

Басылым күні :  18.03.2018