Шығыс поэзиясы: Абай мен Нима, Мұқағали мен Орхан Вели

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Түрксой ғылыми, білім беру және мәдени орталығы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы мәдени орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен 2018 жылдың 21 ақпанында «Шығыс поэзиясы: Абай мен Нима, Мұқағали мен Орхан Вели» атты халықаралық поэзия кеші өтті. Кеште Абай мен Мұқағали өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Кеш барысында проф. Ислам Жеменей парсы ақыны Нима мен ұлы Абайдың ұқсастықтары жөнінде сөз сөйледі. XX ғасыр түрік әдебиетінде өз орны бар Орхан Вели Каныктың өмірі мен шығармашылығы туралы Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы меңгерушісінің көмекшісі, аға оқытушы Жеңіс Әбелдаев баяндама жасады. Кешке Алматыдағы ЖОО – ның студенттері қатысып, ақындардың жырларын оқып, сайысқа түсті. Қазақ ақындары Абай мен Мұқағалидің түрік, татар тілдеріне аударылған нұсқаларын түрік тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері нақышына келтіре оқыды. Кеш соңында ақындардың жырларын оқу сайысы қорытындыланып, орын алған студенттерге ақшалай сыйлықтар берілді.  

 

Ш.Д.Бүркітбаева

Шығыстану факультеті,

Түрксой кафедрасының

  1-курс докторанты



Басылым күні :  24.02.2018