Түркологияда жаңа серпін

20-ақпанда Шығыстану факультутінің Түрксой кафедрасы мен Түркі халықтары мәдени қоры арасында ресми кездесу болды. Кездесу барысында Шығыстану факультетінің деканы Ы.Палтөре, Түрксой кафедрасының меңгерушісі Т.Қыдыр, ф.ғ.д., проф Р.А.Авакова, Рһd докторлар Е.Есбосынов, А.Абуова, т.б. оқытушылар мен докторанттар Түркі халықтары мәдени қорымен бірігіп атқаратын жұмыстарды талқылады. Қазақстандағы түркологияның мәселелерін, даму қарқынын зерделейтін хабарларды «Түркі әлемі» газеті мен «ТА» смарт – теледидарында жариялау жөнінде кеңесіп, кафедра тарапынан жауапты адам тағайындалды.

Ш.Д.Бүркітбаева

Шығыстану факультеті,

Түрксой кафедрасының

  1-курс докторанты



Басылым күні :  24.02.2018