Алматыдағы ЖОО-ның Түрік тілі мамандары әл-Фараби ҚазҰУ Шығыстану факультетінде бас қосты

25-30.12.2017 күндері аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Шығыстану факультеті «ТҮРКСОЙ» ғылыми, білім беру және мәдени орталығында өткізілген«Қазақстан Республикасының ЖОО-да түрік тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинарға Түрксой кафедрасының оқытушыларымен бірге АбылайХан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті, Абай атындағы Қазақ Педагогикалық университеті, Сүлейман Демирел Университеті және Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің түрік тілі пәні оқытушылары белсене қатыстып тәжірибе алмасты. Алғаш рет болып жатқан бұл іс-шара қатысушылардың көңілінен шықты.

 

З.Шадкам 






Басылым күні :  03.01.2018