Түрік тілі курсы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасы жанындағы Түрік тілінің ғылыми-білім беру және мәдени орталығында ашылған 2 айлық түрік тілінің бастапқы (А1) деңгейі курсы бүгін (27.12.2017 ж.) өз мәресіне жетті. 30.10.2017-25.12.2017 уақыт аралығында аптасына 90 минуттан 3 рет жүргізілген курс, түрік тілінің бастапқы практикалық және теориялық негіздерін меңгеруге бағытталды. Курсты толықтай аяқтап, деңгей белгілеу емтиханын сәтті тапсырған қатысушыларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Қазақстан) мен Стамбул университетінің (Түркия) сертификаты (А1 деңгейі) табысталды. Қатысушылар, осындай мүмкіндік ұсынып отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ бөлімі меңгерушісі фил.ғ.к. доцент Қыдыр Төрәлі Еділбайұлына және сонымен қатар түрік тілінің оқытушысы Г.К. Теменоваға алғыстарын білдірді.

 

Басылым күні :  01.01.2018