«Еркіндік лебі» атты дөңгелек үстел

 

15 желтоқсан күні сағат 14.00 де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 14 жатақханасында Түрксой кафедрасының профессоры Ұ.Т.Алжанбаева және аға оқытушы К.Б. Жанатаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Еркіндік лебі» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға шығыстану факультетінің аға куратор-эдвайзері Нұртәліп Шәріпқазы бастаған 1-4 студенттері қатысты. Дөңгелек үстелді ашық деп жариялаған профессор Ұ.Т. Алжанбаева бабаларымыз аңсаған егемендік қазақ поэзиясында тереңінен жырланып жүргені жайында студенттерге тереңінен түсіндіріп, ақындарымыздың жырларынан үзінді келтірді. Егемендікке қол жеткізген 1991 жылдан бергі қазақ елінің даңғыл даму жолынан өту барысын аға оқытушы К.Б. Жанатаева баяндады. Пікір алмасуда еліміздің небір қиын кезеңдері мен ауыртпалықтарды бастан кешіре отырып, бүгінде Қазақстан биік асуларды бағындырып, орасан жетістіктерге жеткені, еліміздің шартарапқа танымалдығы және халықаралық қауымдастықта алар өз орны бар екені туралы айтылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің жүріп өткен жолын бағамдау маңызды әрі тағылымы мол екендігін студент жастардың іс-шараға аса қызығушылықпен қатысқандығы растайды.

Басылым күні :  20.12.2016