Республикалық пән олимпиадасында ең үздіктер анықталды

2016 жылы 26-27 ақпан күндері Республикалық пән олимпиадалары аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтары бойынша жоғары оқу студенттері арасында үлкен білім сайысы өтті. Еліміздегі түрлі университеттердің ең алғыр студенттері арасында өткен екі күнге созылған олимпиадада тек шын жүйріктер ғана оза шауып бәйге алды. Солардың ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттері үздік атанғанын мақтан тұтамыз және олардың ұстаздары мен ата-аналарына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Республикалық пән олимпиадасында орын алған студенттеріміз бен олар иеленген жүлделі орындар төмендегідей.

«Шетел филологиясы» мамандығы бойынша:

1-орын: Балжан Сейтжанова, 3-курс,

2-орын: Раушан Мухтарханова, 4-курс;

«Аударма ісі» мамандығы бойынша:

1-орын: Айслу Дильмаганбет, 4-курс,

2-орын: Мунира Адилова, 3-курс,

3-орын: Сәуле Құтлымұратова, 3-курс.

Басылым күні :  14.03.2016