"Қоржында не бар" атты ашық сабақ өтілді

 

«Қоржында не бар?»

   3 желтоқсан, 2015 жылы ТҮРКСОЙ кафедрасында «6М021200 – түркітану» мамандығында оқитын 2 курс магистранттары арасында «Ономастикалық фразеология: онимдердің тілдегі бейнесі»» атты ашық сабақ өтті. Ашық сабақты жүргізуші доцент Г. Кортабаева кіріспе сөзінде сабақтың мақсатын презентация түрінде түсіндіріп өтті.

   Сондай-ақ «Қоржында не бар?» және т.б. тапсырмалар беріліп,  студенттердің дайындаған презентациялары мен ойындары көрсетілді.

Сабаққа оқытушы-профессорлар қатысып, жақсы пікірлерімен бөлісті. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Асқар Тұрғанбаев сабақтың жоғары деңгейде өткенін айтты.

 

Ашық сабақ Қоржанда не бар.docx

 

Студенттер доцент Г. Кортабаеваның презентациясын талқылап отыр
«Ономастикалық фразеология: онимдердің тілдегі бейнесі» атты презентациямен жұмыс жасауда



Басылым күні :  10.12.2015