100 кітап» жобасы бойынша Махаббат қызық мол жылдар романы талқыланды

Махаббат қызық мол жылдар....

Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының жастары 9 желтоқсан 2015 жылы сағат 11.00-де «100 кітап» жобасы бойынша қазақтың классик жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың махаббатқа, жалынға, жастық шаққа, ыстық сезімге, алаулаған отқа толы «Махаббат қызық мол жылдар» романын талқылады.Қатысушылар: 2-3 курс студенттері мен «Құтты білік» клуб мүшелері, кафедра оқытушылары.

Талқылау классик жазушы Әзілхан Нұршайықовтың өмірбаяны, студенттік жылдары туралы естелік бейнебаяннан басталды.Талқылау барысында студенттер шығармадағы басты кейіпкерлердің арасындағы махаббат туралы баяндап, автордың мақсаты Ербол мен Меңтайды тек екі жастың жағымды образдары ғана емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа, болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау екендігін ортаға салды.

Кафедра жастары талқылау соңында, адамгершiлiктiң асқақ рухын, қыры мен сыры мол жан дүниесiн алуан түрлi көркемдiк тәсiлдермен айқара ашып көрсеткен Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романы жастарға үлгі ретінде болашаққа жол нұсқайды деп пікір білдірді.

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары Жанатаева К.Б., Әбілдаев Ж.Ә., доцент Жүніс К.Ә. 

 

Романға кіріспе, презентация түрінде.
Тақырып талқылануда.




Басылым күні :  10.12.2015