Монография тұсаукесері

 

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінін бірі – академик жазушы, қоғам қайраткері, Сәбит Мұқановтың 115 жылдығына орай Түркия Республикасында түрік тілінде жарық көрген М. Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Рита Сұлтанғалиеваның (аудармашы: ТҮРКСОЙ кафедрасының аға оқытушысы Теменова Г.K.) «Сəбит Мұқанов романдарындағы диалог қолданысы» атты монографиясының жарық көруіне байланысты 2015 жылғы 24 қараша күні сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде (мекенжайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95-А. Шығыстану факультеті. Халықаралық байланыстар факультеті мәжіліс залы) монографияның тұсаукесер рәсімі өткізіледі.

 

Ұйымдастырушылар:

1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Жұбатова Б.Н.;

2. Түрксой кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Тұрғанбаев А.Ә.

3. Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Теменова Г.К.

Басылым күні :  20.11.2015