Будапешт университетінің түлегі, белгілі тарихтанушы Марат Уатқан мырзамен кездесу өтті

     2015 жылы 29 қазанда сағат 15.00 – 17.00 аралығында шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы жанындағы "Жас түркітанушылар" клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен Будапешт университетінің түлегі, белгілі тарихтанушы  Марат Уатқан мырзамен кездесу өтті. М. Уатқан Еуропадағы қыпшақтау ғылымы проблемалары мен әлем тілдерінде жиі қолданатын тюркизмдердің  шығу төркініне ғылыми-этимологиялық талдау жасады. Кездесу барысында оқытушылар,  студенттер мен магистранттар қызу пікірталасқа түсті.

     Кездесуге кафедра оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

1 Белгілі тарихтанушы Марат Уатқанмен кездесу барысы.

 

Басылым күні :  04.11.2015