«Қыз Жібек» пен «Қобыланды батыр» түрікше сөйлейді

21.10.2015ж. Алматыдағы «Достық үйінде» Халықаралық Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен «Жыраулық дәстүрдің тарихы, мектептері, орындаушылық ерекшеліктері, шығармашылық түрлері және бүгінгі жай-күйі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстеле  ф.ғ.д., профессор, академик, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының вице-президенті Е.З.Қажыбек, еліміздің танымал түркітанушы ғалымдары, өнер иелері мен шет елден келген қонақтар қатысты. Дөңгелек үстелдің ашылу салтанатын Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Президенті академик Ө.Айтбайұлы бастады.

Түрксой кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Асқар Тұрғанбаев  Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы тарапынан 2015 жылы Анкарада жарияланған қазақтың «Қыз Жібек» дастанының түрік тіліндегі жарияланымы туралы баяндады.  Кафедраның доценті, ф.ғ.к. Е.З.Есбосынов қазақтың «Қобыланды батыр дастанының» аудармасын жасап, осы жылы Анкарада түрік тілінде жарияланғанын атап өтті. «Қобыланды Батыр» дастанының Түркияның Ардахан Университетінің «Манас: Манасшылардың қазіргі ізбасарлары: ақын мен жыраулар, озан мен кайчы, ашыклар» атты Халықаралық ғылыми жобасының грантына жарияланғандығын хабарлады.

Дөңгелек үстелге қатысушы құрметті делегаттар арасында Кипр Гирне Американ Университеттері Концорциумының Президенті профессор Серхат Акпынар, Корея Республикасы Ханкук Университетінің Орталық Азия кафедрасының доценті профессор Әлия Құрышжанова мен Кипрдің басқа да жоғарғы оқу орындарының өкілдері мен ғалымдары қатысты. Сонымен қатар, еліміз бен шет елдік бірқатар ғалымдарына Халықаралық Қазақ тілі қоғамының төсбелгісі салтанатты түрде табыс етіліп, Кипр елі мен Халықаралық Қазақ Тілі Қоғамы арасында «Ынтымақтастық Туралы Меморандумға» қол қою рәсімі болып өтті.

 

4 Дөңгелек үстеге қатысушылармен фото.

 

Басылым күні :  28.10.2015