«Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты кездесу өтті

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 21-26 қыркүйек аралығында Тәрбие жұмысы жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Тілдер фестивалі» апталығы басталды. 22 қыркүйек күні Тіл мерекесіне орай Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты профессор Дандай Ысқақұлымен кездесу өтті. Кездесуді Алдымен тіл мерекесінің тарихтағы орны, жаһандану жағдайындағы тіл тағдыры, Қазақ хандығының 550 жылдығы да сөз етілді. Тілдік деректер жалаң баяндалған жоқ, слайд презентация түрінде көрсетілді, тіл туралы студенттер жазған эсселер оқылды. Кездесу сұрақ-жауап түрінде қызықты өтті. Кездесу соңы ән-биге ұласты, барлығы естелікке фотоға түсті. Шараға қатысқан ұстаздар, магистранттар және студенттер ғалым-ұстаз Дандай Ысқақұлының тіл туралы айтқан ғибраттарына тәнті болды. Тағылымы мол шараны ұйымдастырған  «Құтты білік» зияткерлік клубының жетекшісі ф.ғ.к., доцент Г.Қортабаева. Тіл мерекесі құтты болсын! Қасиетті тіліміз өшпесін!

1 «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты  кездесу барысы.
2 Кездесуден естелік фото.

 

 

Басылым күні :  23.09.2015