Кафедрамыздың мақтаныштары

2024 жылдың 4 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция  төменде көрсетілгендей 5 секциядан құралды.

1. Шығыс елдерінің саясаты мен экономикасы.

2. Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті

3. Шығыс тілдері мен әдебиетінің өзекті мәселелері

4. Шығыс елдерінің қоғамы мен діні

5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс елдері.

Аталған конференцияға Түрксой кафедрасынан студенттер қатысып жүлделі орындарға ие болды.  

-       Шығыс елдерінің саясаты мен экономикасы секциясы бойынша 2 орын Құдайберген Аяжан (жетекшісі Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Жанатаева К.Б) иеленді.

-       Шығыс елдерінің тарихы мен мәдениеті секциясы бойынша 2 орын Төлетова Ақнұр Болатқызы (жетекшісі Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Жанатаева К.Б) иеленді.

-       Шығыс елдерінің қоғамы мен діні секиясы бойынша 1 орын Түрксой кафедрасы 6В02209 Шығыстану мамандығының 3 курс студенті Анер Арлан Асқарұлы (жетекшісі Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Жанатаева К.Б) иеленді.

-       Шығыс тілдері мен әдебиетінің өзекті мәселелері секциясы бойынша Аударма ісі мамандығының 4курс студенттері Мұратова Жаннұр (жетекшісі PhD, профессор м.а Құрманәлі Чакыроглу А.А.) және  Қазибекова Мақпал (жетекшісі Профессор Шадкам З.)  3 орын иеленді.

 Жүлдегерлерімізді құттықтай отырып, болашақта көптеген жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз



 

Басылым күні :  13.04.2024