Сенбілік – тазалық кепілі

Бүгін 13 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен жалпыуниверситеттік сенбілікке Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері де өз үлесін қосты. 

Университет аумағының тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық.  

Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, сенбілікке қатысушылар факультет ғимаратының аумағы мен дәрісханаларға тазалау жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.

Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық. 

Басылым күні :  13.04.2024