Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Муддерисоглу мен Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Білім Атташесі Айхан Қорқмаздың қатысуымен консулдық сағат

    2024 жылғы 28 ақпанда сағат 15.00-де Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Муддерисоглы және Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Білім Атташесі Айхан Қорқмаз қонақта болды. Бас консул Эврен Муддериоглу  мен Білім Атташесі Айхан Қорқмаз мырзаны шығыстану факультетінің деканы Н.Б.Ем, шығыстану факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары А.Е. Белялова, Түрксой кафедрасы меңгерушісінің м.а. К.Т. Ғабдуллин Түрксой ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар  бойынша кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Монтанай Э. А. қарсы алды. Кездесуге Түрксой кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Н.Б. Ем кафедра мен факультеттің жетістіктері туралы сөз сөйлеп, Түркия тарапымен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді. Эврен Муддерисоглу өзінің актілік лекциясын баяндап, студенттердің көкейлеріндегі сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында шығыстану факультетінің Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығымен мәдени-білім беру және ғылыми салалардағы ынтымақтастығын талқыланды. Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Муддерисоглу Шығыстану факультетінде түрік тілі аудиториясының ашылуына ықпал ететінін айтты.

Басылым күні :  01.03.2024