ТДМ-САПАЛЫ БІЛІМ
Сапалы білім беру аясында 15.02.2024 жылы сағат 15: 00-де Түрксой кафедрасында "Dil Araştırmalarında Yöntem" тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Бұл ғылыми семинардың лекторы Эскишехир османгази университетінің (Эскишехир/Түркия) шақырылған профессоры Ердоған Боз болды. Семинарға 1-4 курс студенттері, магистранттар, докторанттар және кафедраның ПОҚ қатысты. ТДМ шеңберіндегі үш күндік семинар соңында профессор алғыс айтып, сертификаттар табыс етті.
Түрксой кафедрасының оқытушысы Исаханова М. М.
Басылым күні : 20.02.2024