«Тұғырлы тәуелсіздік» атты мерекелік кеш

15.12. 2023. сағат 18.00-де әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2 курс, «6B02207–Шығыстану» мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Тұғырлы тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті. Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен басталып, желтоқсан құрбандарын 1 минуттық еске алу болды.  Студенттер «Желтоқсан батырлары» және «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыптарында баяндама жасады.  Сонымен қатар, «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сөзжұмбақ жасырылып,   студенттерге сұрақтар қойылды және студенттер өз ойларымен бөлісті.  

 

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

 куратор-эдвайзері А.Ж. Назарова


Басылым күні :  21.12.2023