100 жасың құтты болсын, Түркия!

 

 

,

 

1923 жылғы 29 қазан күні Түркия Республикасының құрылғаны әлемге қуанышпен паш етілді. Түркия Республикасы 100 жыл бұрын Мұстафа Кемал Ататүрік және қарулас жолдастары тарапынан құрылды. Осы айтулы мерекеге байланысты 27-ші қазан күні Түріксой бөлімінің аға оқытушысы, PhD докторы С.Кошумджу, Э. Монтанай және 1-4 курс эдвайзерлері тарапынан мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркия Республикасы Бас консулдығының көмекшісі Э.Карабатак мырза, Шығыстану факультетінің деканы Н.В.Ем және Түріксой бөлімінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Декан Н.В.Емнің құттықтау сөзімен ашылған мерекелік кеш 1-4 курс студенттерінің түрік тілінде оқыған өлең жолдарымен, орындаған ән- күй, билерімен жалғасты. Кештің соңында деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары PhD  С. Жақыбаева Эмре Карабатак мырзаға кафедра тарапынан дайындалған алғыс хатты табыстады. Мерекелік кеш әсерлі де мағыналы өтті.

аға оқытушылар Н.М.Шуиншина Мета, Ж.Абелдаев, Э.Монтанай

Басылым күні :  01.11.2023