«Көшбасшылық және басшылық» тақырыбында дөңгелек үстел

 

21 сәуір күні Түрксой кафедрасында «Көшбасшылық және басшылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қонағы «ERA GLOBAL» құрылыс компаниясының басшысы және негізін қалаушы, сәулетші Кемал Чичекоглу болды. Оның Forum Almaty, Rixos Almaty, Hyatt Park және Hyatt Appartmats сияқты табысты жобалары бар. Дөңгелек үстелде 1 курс студенті Әбілмәжін Бегімай Қуандыққызы түрік және қазақ тілдерінде өлең оқыды. Дөңгелек үстелде студенттер көшбасшылық және басшылық тақырыптарын талқылады. «ERA GLOBAL» құрылыс компаниясының басшысы, сәулетші Кемал Чичекоглу таңғалып, Түрксой бөлімінің 1-курс студенттерінің түрік тілінде еркін сөйлей алатындарына тәнті болды. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушысы PhD доктор Исаханова Мейрим Маликовна.

Авторы: PhD докторы Исаханова Мейірім Мәлікқызы. 

Басылым күні :  22.04.2023