Наурыз мерекесі түркі халықтарына ортақ мереке

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының профессор-оқытушы құрамы және 3 курс студент жастарының қатысуымен «Түркі халықтарында наурыз мерекесінің тойлануы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мерекелік басқосуда студент жастарға Түркі халықтарында наурыз мерекесінің тойлануы жайында бейнебаяндар көрсетіліп, А.Каракулова мен Ж. Мұратова түрік, өзбек және татар халықтарының наурыз мерекесін тойлау дәстүрін түсіндіріп берді.

Наурыз – түркі халықтары кең көлемде атап өтетін мейрам. Наурызды Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан,Түркіменстан, Әзербайжан республикалары және Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан автономиялық республикасы Наурыз мерекесін «ұлттық мейрам» ретінде жариялаған. 1991 жылы Түркияда да бұл күн түркі әлеміне ортақ күн ретінде жарияланды. Ғалымдардың айтуынша, наурыздың түркі халықтарындағы атаулары көп. Түркі әлемінде ғұндар заманынан бізге келіп жеткен, табиғат пен ұлттық оянуды бір мағына ретінде ұсынатын наурыз (жаңа күн) мерекесі мына атаулармен аталғаны белгілі, мәселен невруз, наурыз, новруз, сұлтан-и невруз, сұлтан-и наурыз, наорус, новроз, ұлыстың ұлы күні, Ергенекон, бозкурт, чаган бабу марта, нартукан, нартаван, Алтай көдүргені және т.б.  

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары  

Н.М.Шуиншина Мета

Басылым күні :  21.04.2023