Түрік апталығының 3-ші күні – Түрік қолөнері

 

 

Түрксой кафедрасында 15-ші наурызда өткен «Түрік апталығының» 3-ші күні - түрік халқының мәдениеті мен қолөнеріне арналған. Кештің қонағы Ханифа Жаңалтай ханым арнайы шақырылып, Түрксой кафедрасының студенттеріне түрік халқының қолөнері мен сурет салу өнері жайлы ақпаратпен бөлісіп, өзі жасаған бұйымдарымен таныстырды. Сондай-ақ өзінің қолөнерін және халықаралық кескіндеме көрмелерін көрсетті. Түрксой кафедрасының 1,2,3-курс студенттері де Түрік тәттілері, түрік киносы мен театры, түрік мұражайлары туралы презентация жасап, келген қонақтардың көңілінен шықты.

Басылым күні :  21.03.2023