Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Түрксой» кафедрасы – озат оқытушылардың жаңа мүмкіндік платформасы

Селенай Кошумджу 15 жылдан астам тәжірибесі бар түрік тілі оқытушысы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Түрксой» кафедрасының белді мүшесі, ғылым докторы, болашағынан зор үміт күттіретін маман.  

Селенай Кошумджу 2008 жылдан бері бауырлас түрік халқының тілі мен мәдениет үйренгісі келетін білім алушыларға түрік тілін терең меңгертуде. Студенттерге білім берумен қатар, Селенай өзінің шетел тілін үйретудегі дағдыларын дамыту мақсатында әрдайым ізденісте болып, білімін жетілдіруде. Жас маманның негізгі мақсаты тұлғаның тілдік құзіреттілігін қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар қоғам дамуына өз үлесін қосатын құндылықтарға ие адам тәрбиелеу. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім бере отырып, Селенай әрбір білім алушыға құрметпен қарап, олардың болашағына оң әсер етуге тырысты. Оқытушы тарапынан студенттерге болашақ тіл мамандары ретінде сұранысқа ие болуына мүмкіндік беретін дағдылар мен құзыреттіліктерді сіңіруге көптеген жұмыстар жүргізілді. Сабақты егжей-тегжейлі жоспарлау және мұқият дайындықпен келу арқылы Түрік әлеміне қызықты саяхат жасауға мүмкіндік туғызып, өз білім алушыларының білім алуға деген құштарлығын оятып, ынталандырып және оқу жетістіктерін арттыруға ықпал етеді.

Селенай Кошумджу заман талабына сай жаңа технологияларды білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында оқу үдерісіне соңғы техникалық жаңалықтарды енгізуге және қолдануға ықылас танытты. Сабақ барсында кіріктіріп оқыту әдістері мен құрылғыларды тұрақты түрде қолдану арқылы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналдырды.

            Соңғы жылдардағы оқиғалар әлемнің бүгінгі өмір салтына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Адам өмірінің бар саласы өзгеріске ұшырап, жаңа жағдайларға бейімделді. Егер біз білім туралы сөз қозғар болсақ, қазіргі уақыттағы жаңа жағдаяттар мен талаптар білім беру форматының жаңартылуына оң әсер етті. Әрбір оқытушы алдында қашықтықтан/ онлайн оқыту дағдыларын жетілдіру жұмыстары бойынша нақты міндеттер тұрды. Біздің қызметкеріміз Селенай Кошумджу дайындаған тренингтер, консультациялар және демо сабақтар ондаған мұғалімдерге онлайн форматта, аралас форматта сабақ жүргізудің техникалық дағдыларын стресссіз меңгеруге көмектесті. Бұл тыңдаушылардың үлкен аудиториясына шығу мүмкіндігін беріп, оқу процесін қолжетімді ете алды. Оқытушы шетелдіктерге онлайн және офлайн форматта түрік тілін оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу үшін әртүрлі білім беру платформаларын белсенді қолдануда.       Түрік мәдениетінің өкілі ретінде жас маман түрік әлемінің бір бөлігімен әріптестері мен студенттері арасында әрдайым бөлісіп отырады. Түрік мәдениеті, фольклоры, дәстүрі туралы білім мен ақпаратты арттыру және халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Селенай басшылығымен мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Талантты әрі бастамашыл педагог бірнеше рет тәрбиелік және ағартушылық бағдарламалар, дөңгелек үстелдер мен кездесулерді ұйымдастырып, әріптестер мен студенттерге тәжірибе алмасуға және кәсіби қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.       Халық даналығы «мұғалім өз білімін жетілдіруді тоқтатқан кезде мұғалім болуын тоқтатады» демекші, Селенай оқытушылық мансабында өз білімін жеілдіруін тоқтатқан емес. Оның еңбектері жетекші педагогикалық ғылыми журналдарда жарияланып, жүргізілген жобалар мен семинарларына көптеген әріптестер мен білім алушылар қатынасты. Білім тәжірибелік тұрғыда пайдалы болуы қажет. Жас маманның пікірінше, оқытушының міндеті тек бір пәннің айналасындағы біліммен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар одан әрі ғылыми және мансаптық ізденістерге төтеп бере алатын жеке пәнді қалыптастыру.

       Білім алушылар оқытушының айтқан ақылымен жүрмей, керісінше жасаған іс-әрекетін бақылап соны қайталауға тырысады. Сондықтан озат маманның қазақ тілін меңгеріп, оз білім алушыларына үлгі болуы ең маңызды шешімдерінің бірі болды. Ұлттық тілді меңгерген «Түрксой» кафедрасының оқытушысы ынта мен жігер болса, алынбайтын асудың болмайтындығын дәлелдеді.

Селенай Кошумджу қазіргі заманның жас, өршіл, қиындықтар мен жетістіктерге дайын, жаңа идеяларға толы және өз білім алушыларына сенімді педагог маманы. 

 

Түрксой кафедрасының                                                                          Э.З. Дулаева

доцент м.а

PhD                                                                                                        А. Халел

Басылым күні :  01.03.2023