«TÜRKİYE BURSLARI-ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРАПЫНАН БӨЛІНЕТІН ШӘКІРТАҚЫЛАР МЕН ШАРТТАРЫ»

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен 11.02.2023 сағат 21.00-де Түркия республикасының Алматы қаласы Басконсулдығымен бірге Түркия республикасы Ұлттық білім министрлігі өкілі М.Еркам Авджы мырзамен «TÜRKİYE BURSLARI-Түркия республикасы тарапынан бөлінетін шәкіртақылар мен шарттары» атты онлайн танымдық кездесу болды.

Кездесуге Түркияда білімін жалғастырғысы келетін білім алушы жастар қатысты. Кездесу «ZOOM» бағдарламасы арқылы жүзеге асты. Түркия республикасы Ұлттық білім министрлігі өкілі М.Еркам Авджы Түркия республикасы тарапынан бөлінетін шәкіртақылар мен қабылдану шарттары жайлы толық мәлімет беріп, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Ұйымдастырушылар: Түрксой кафедрасының

аға оқытушылары: Кошумджу С., Теменова Г.К.

Басылым күні :  13.02.2023