«Тағдырлас тұлғалар: Мұзбалақ Мұқағали мен өрелі Орхан Вели» атты әдеби-сазды кеші

9 ақпан күні Түрксой кафедрасының Әзербайжан орталығында қазақтың ақиық ақына Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай 2 курс студенттерінің қатысуымен «Тағдырлас тұлғалар: Мұзбалақ Мұқағали мен өрелі Орхан Вели» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шараның құрметті қонақтары арасында факультет деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әмірбекова Үмітай Әбдіғаппарқызы, Түркиялық қонақ оқытушы, PhD Селенай Кошумджу, факультеттің аға куратор-эдвайзері Шәріпқазы Нұртәліп, Түрксой кафедрасының профессор-оқытушы құрамы және студент жастар болды. Әдеби-сазды шараны факультет деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әмірбекова Үмітай Әбдіғаппарқызы құттықтау сөзбен ашып, ұлы Мұқағали туралы естеліктерімен бөлісті, өлеңдерін оқып, студент жастарға сәттілік тіледі.

2 курстың ұйымдастыруымен өткен әдеби-сазды шарада жастар Мұқағали мен Орхан Велидің шығармашылығын паш етіп, екі ақынның өлеңдерін оқып, ақындардың сөздеріне жазылған әндерді орындады. Әсіресе Іңкәр Шакипзаданың орындауындағы М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Шараны куратор-эдвайзер Ж.Ә.Әбелдаев пен аға оқытушы К.Жанатаева ұйымдастырды.

Басылым күні :  11.02.2023