Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы өндірістік тәжірибе

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасындағы келісім негізінде 2022 жылдың 19 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 4 курс студенттері «Шығыстану» мамандығы бойынша , Қайырбаева Әсем, Қозыбаева Айым, Мәлік Нұрлы және «Аударма ісі» Қасқабева Забира Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өндірістік тәжірибелерін аяқтады. Өндірістік тәжірибе «Әлем әдебиеті» кафедра меңгерушісі Сәлима Тоқтасынқызы Тұяқованың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Студенттер «Түрік тіліндегі кітаптар» қорымен танысып, кітапхананың библиографиялық ақпараттарымен және электронды каталогтарымен жұмыс жасауды үйренді. Сонымен қатар, жұмыс тәжірибесінің соңғы аптасында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар түрік поэзиясының тарихымен таныстырылып, түрік ақындары Мехмет Юрдақұл мен Орхан Велидидің шығармалары талданып, өлеңдері оқылды.


Жетекші практикасы: Шуиншина Мета Н.

Басылым күні :  01.11.2022