Алғыс айту – адамзаттың арда ісі!

 

2022 жылдың 1 наурыз күні Түрксой кафедрасының 1 курс куратор-эдвайзері Ж.Әбелдаевтың ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - адамзаттың арда ісі!» атты мерекелік шара өтті.

Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

«Алғыс айту күні» – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыру мақсатын көздейді.  

Мәдени шараға шығыстану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ү.Ә.Әмірбекова, Түрксой кафедрасы меңгерушісі М.Ш.Эгамбердиев, Түрксой кафедрасы меңгерушісінің орынбасарлары К.Жанатаева мен М.Исаханова, Түркиядан келген қонақ оқытушылар Нуреддин Чакыр, Селенай Кошумджу, 1 курс магистранты польшалық Марцин Кшывдзиньский, шығыстану факультетінің студенттері мен куратор-эдвайзерлері және Түрксой кафедрасының оқытушы-профессор құрамы қатысты.

 

 

Шарада 1 курс студенттері көктемнің алғашқы шырайлы күнінде жаратушы иеге, барша әлемге, адамзат баласына, ата-анаға, ұстазға алғыс айтып, өздерінің перзенттік борышын білдірді. Шарада жастар қазақ және түрік тілдерінде поэзиядан шашу шашып, әсем ән орындады. Алғыс күніне арнайы жасалған роликті тамашалады.

 

 

 

 

Түрксой кафедрасының куратор-эдвайзері

Әбелдаев Ж.Ә.

Басылым күні :  02.03.2022