«Түркітану» пәні бойынша ҚР ЖОО студенттері арасында дәстүрлі XIII Республикалық олимпиада өткізілді

Диплом-Бейсенқул Мерей Қуатқызы.pdf

Диплом-Бұқарбай Маржан Ережепқызы.pdf

Сертификат Абибуллаева А.У. 26-29.04.21 Түркітану

Сертификат Абибуллаева А.У. 26-29.04.21 Түркітану

Университетіміздің Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркітану» пәні бойынша ҚР ЖОО студенттері арасында жүргізілетін дәстүрлі XIII Республикалық олимпиада сәуірдің 26-27 күндері аралығында болып өтті. Олимпиадаға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 2-4 сынып студенттері қатысты.

Олимпиаданың бірінші турында студенттер, түркітану саласының келелі мәселелерінде қалам тартқан ғылыми жобаларыны қорғады. Әділқазы алқасының тақырыптың өзектілі, ғылыми стилі мен негізділігі, баяндамашының тақырыпқа қанықтығы секілді қыйннан қыйыстырған талаптарынан сүрінбей өту студенттер үшін оңайға соқпады.

Келесі күні талапкерлер түркітанудың теориясы мен практикасына негізделген ауызша сынақтан өткізілді. Студенттер университет қабырғасында жинаған білімдерін сынға салып ақтер-көктер болып білім сайысына түсті.

Жобалық байқау және ауызша теория-практикалық сайыстың қорытындысын шығару барысында ЕҰУ студенті Каирова Алия және ҚазҰУ студенті Сыздықова Айнурдың жалпы баллдары тең түсіп бірінші орынға талас үшін «блиц» турға қалды.

Тек қана студенттің алымдылығы мен білімі ғана бағаланумен шектелмейтін осы сәтте, білім ордасы қала берді ұстаздарының еңбектерін ақтау секілді үлкен жауапкершілікті сезінген шәкірттер «бір минут» секілді қасқағым сәтте, берілген сұрақтарға мейлінше қанық және жылдам жауап беруге тиісті еді.

Ақтық сәт келіп жетті, дұрыс сұрақтарының саны және ой жүйріктігімен шәкіртіміз Сыздықова Айнұр атбойы озып шықты.

Сонымен, «Түркітану» пәні бойынша ҚР ЖОО студенттері арасында жүргізілетін дәстүрлі XIII Республикалық олимпиадаға жалпы саны он үміткер қатысты. Олардан бірінші орынды, ҚазҰУ студенті Сыздықова Айнұр жеңіп алса екінші орынғ ЕҰУ студенті Каирова Әлия мен ҚазҰУ студенті Мұхамеджан Бегімай лайықты деп танылды. Үшінші орынды ЕҰУ студенті Бұхарбай Маржан мен ҚазҰУ студенттері Амангелді Дилназ және Бейсенқұл Мерей иеленді. Аталған жүлделі орын иегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің олимпиада «Дипломымен» марапатталды.

Сонымен қатар, Түрксой кафедрасы ұжымы жүлдегерлерімізді бағалы сыйлықтар мен және университетің сувенирлік сыйлықтарымен жеңістерін құттықтады.

Олимпиадаға қатысқан студенттерімізге олымпиада сертификаты мен бірге университетің сувенирлік сыйлықтары беріліп келесі жарыстарда жетістіктер тілеп табыс тіледі.

Олимпиада соңында, түбі бір түркі халықтарының рухани құндылықтарын зерттеп болашақ ұрпаққа жеткізер жас ғалымдарымыздың жайқалып жетіліп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатты.

 

ТҮРКСОЙ кафедрасының доцент м.а.,

PhD                                                                                     Е.А. Қуанышбаев   

Сертификат-Шахан Қазыбек Халилуллаұлы.pdf

Сертификат Абибуллаева А.У. 26-29.04.21 Түркітану

Диплом-Бұқарбай Маржан Ережепқызы.pdf

Сертификат-Шахан Қазыбек Халилуллаұлы.pdf

Басылым күні :  30.04.2021