ДІН ТАРИХЫНА КІРІСПЕ (САЛЫСТЫРМАЛЫ ДІНТАНУ): ТАРИХ, ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР, ӘДІСТЕР

17.11.2020

Көрулер: 1812

Ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы бастама көтеріп ұйымдастырған араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарға арналған халықаралық деңгейдегі «Лидерлік дәрістер» сериясы жалғасып келеді.

2020 жылдың 17 қарашасында аталмыш дәрістер сериясы аясында Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Әмір Абделькадер атындағы Ислам университетінде еңбек ететін дінтану ғылымдарының докторы Башир Кардуси жүргізген «Дін тарихына кіріспе (салыстырмалы дінтану): тарих, тұжырымдамалар, әдістер» атты вебинар өтті.

Әрдайым қызықты өтетін бұл дәрістерге фарабитанушылар, кафедраның ұстаздар құрамы, алыс-жақын шетелдерден тыңдаушылар үзбей қатысып, атсалысып келуде. Кездесу барысында тыңдаушылар тосын да тың мәліметтерден хабардар болып, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жауап ала алды.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұйымдастырған бұл дәріске дінтану, исламтану саласында еңбек етіп жүрген ғылым адамдарынан бөлек, аталып өткен тақырыпқа қызығушылық танытқан көпшілік қауым да қатысты.