Жемісті ынтымақтастық

26.11.2020

Көрулер: 1677

Ұлттық корей тілі институты Оңтүстік Корея тіл саясатын өз елінің аумағында да, шетелде де жүзеге асыруға жауапты. Институттың ана тілін білетіндердің де, шетелдіктердің де корей тілі деңгейін көтеру мақсаты арқасында институт елдер мен университеттер арасындағы ынтымақтастық шекараларын кеңейтіп жатыр.

Ұлттық корей тілі институтымен Кукмин университеті Қиыр Шығыс кафедрасымен екі жылдан бері тығыз ынтымақтастықта болып келеді. Кореяның жоғары оқу орындарының студенттерімен және Қиыр Шығыс кафедрасының студенттерімен бірге «Дәстүрлі корей ойындары» сияқты бірлескен іс-шаралар, Алматыда корей тілі оқытушыларына арналған семинар өткізілді. Биылғы жылы пандемияға қарамастан Ұлттық корей тілі институты біздің мұғалімдерімізге онлайн білімін кеңейту курсын өткізді. Кукмин университеті жыл сайын кафедраның кітап қорын оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен толықтыруға көмектеседі. Осындай ынтымақтастықтың арқасында Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары әрдайым риза жүреді.

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Пак Т.Н.