Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шығыстану факультеті Пәкістанның іргетасын қалаушы және бірінші генерал-губернатор – ұлт көсемі саналатын, аса ірі мұсылман саяси қайраткері Мухаммад Али Джиннаның туған күнін онлайн форматта атап өтті

25.12.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Шығыстану факультеті «Өлмейтұғын артында із қалдырған» деген тақырыппен Пәкістанның іргетасын қалаушы және бірінші генерал-губернатор – ұлт көсемі саналатын, Британдық Үндістанның бөлінуін жақтаған ең белсенді қатысушылардың бірі, аса ірі мұсылман саяси қайраткері Мухаммад Али Джиннаның туған күнін онлайн форматта атап өтті.

Ары қарай оқу >>

«Абай және түркі-парсы шайырлары» атты халықаралық ғылыми-конференциясы

23.12.2020

2020 жылғы 23 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе отырып ұйымдастырған ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай онлайн форматтағы «Абай және түркі-парсы шайырлары» атты халықаралық ғылыми-конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

«Гүлістан» үйірмесі Иранның «Шаб-и Ялда» атты көне мерекесін атап өтті

21.12.2020

2020 жылдың 21 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы «Гүлістан» үйірмесі көне замандардан бастау алатын парсы жұртының «Шаб-и Ялда» мерекелік шарасын атап өтті.

Ары қарай оқу >>

«Желтоқсан жеткізген жеңісің – Тәуелсіздігің!» тақырыбындағы онлайн кездесу

16.12.2020

Желтоқсан айының 16-жұлдызында шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің аға оқытушысы Ф.Т. Жұмажанованың ұйымдастыруымен, кафедра студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай «ZOOM» платформасында «Желтоқсан жеткізген жеңісің – Тәуелсіздігің!» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЕКІ АПТАЛЫҚ «ҚЫТАЙ ТІЛІ КӨПІРІ» СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

13.12.2020

2020 жылдың 30 қарашасы мен 13 желтоқсаны аралығында «Қытай тілі көпірі» атты онлайн семинар өтті. Семинардың негізгі ұйымдастырушылары: ҚХР Білім министрлігіне қарасты қытай және шет тілдерінің байланыс және ынтымақтастық орталығы, Пекин тілдер университетінің халықаралыққытай тілін оқыту бөлімі, ҚХР мәдениетін әлемге тарату орталығы. Онлайн-семинарға Корей, Қазақстан, Өзбекстан және Жапон елінен жүзге тарта оқытушы қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының 8 оқытушысы да бұл семинарға белсене қатысып, білімдерін жетілдірді.

Ары қарай оқу >>

Ресей Федерациясының А. М. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университеті, Cолтүстік-шығыс халықтарының тілдері және мәдениеті институтымен онлайн-кездесу

11.12.2020

2020 жылдың 11 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.К. Аммосов атындағы СШФУ арасында кезекті онлайн кездесу өтті. Аталмыш шара «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының білім-ғылым және мәдени кеңістіктегі ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қонақ ретінде ф.ғ.к., доцент Г.Г. Торотоев бастаған Сахалық профессорлық-оқытушылар құрамымен қатар магистранттар, студенттер де қатысты. 

Ары қарай оқу >>

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСЫП, БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

06.12.2020

Үстіміздегі жылдың 5-6 желтоқсан күндері ҚХР, Хуажун аграрлық университетінің Қытай мәдени коммуникациялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен “Қытай мәдениетін зерттеу және мәдени қарым-қатынас теориясы мен практикасына басты назар аудару қажеттіліктері” атты халықаралық форум онлайн режимінде өтті. Бұл форумға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Индонезия, Камбоджа, Вьетнам, Гонконг, Тайвань және басқа елдер мен аймақтардан келген 27 сарапшы мен ғалымдар қатысып, бұлтты конференция арқылы ойларын бөлісті. Ал ғаламтор байланысы арқылы 300-дан астам адам қатысты.

Ары қарай оқу >>

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАҒЫ КӨМЕК

04.12.2020

Мамандық таңдау адам өміріндегі, соның ішінде, мектептегі білімдерін аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырған жас жеткіншектердің өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Мамандық таңдау – оңай шаруа емес. Бұл – белгілі бір тұлғаның мінез-құлқының, жеке қабілет-қасиеттерінің, алдына қойған мақсат-мұраттарының айнасы.

Ары қарай оқу >>

“АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘЛЕМІ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

03.12.2020

03.12.2020 ж. халқымыздың кемеңгер тұлғасы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған “Абай және Шығыс әлемі” атты онлайн форматтағы Республикалық дөңгелек үстел өтті. Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бірлесіп ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>