1 курс таланттары байқауының жеңімпаздарын құттықтау

02.11.2020

Көрулер: 1915

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  студенттер арасындағы "1-курс Таланттары - 2020" көркемөнерпаздар байқауының шығыстану факультетінің жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз.

      Біздің шығыстану факультетінің 1-курс студенттері Кажен Шахислам «Фортепианода ойнау» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері, Бостан Мерей «Заманауи би» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері атанды.

       Факультетіміздің атынан біз студенттерді жетістіктерімен құттықтай отырып, болашақта биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз.