"Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

26-сәу-23

Көрулер: 753

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттың университеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ 2023 жылдың 26 сәуірінде №4 оқу ғимаратының 123 дәрісханасында «Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аралас: офлайн және онлайн форматта, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: әлемдік тұрақты даму концепциясы аясындағы отандық тарих ғылымының орнын анықтау.
Бұл конференцияны ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тарих секциясының оқытушылары ұйымдастырды. Конференцияға 50-ге жуық отандық белгілі ғалым ұстаздармен қатар алыс және таяу шетелдік тарихшы ғалымдар, этнограф ғалымдар қатысты.
Конференция жұмысын: 1) Отандық тарих ғылымының даму тенденциясы; 2)Тарихи тұлғалардың жаһандану контекстіндегі рөлі; 3) Тарих және гуманитарлық ғылымдар сабақтастығы жаһандану талаптары аясында атты үш бағытта жүргізді.
Конференция салтанаты ашылуы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор С.Қ.Суатайдың конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзімен ашылды.