Жаңалықтар

Ғылым ордасы мұражайы

29-нау-23

Бүгін ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында биология бағыты бойынша білім алушы тыңдаушылар еліміздің Ғылым ордасының мұражайларында саяхат жасады. Ғылым орданың ғимаратында орналасқан сирек кітаптармен, табиғат мұражайымен, архитектура мұражайымен, сонымен қатар Қазақстан тарихы мұражайымен танысты. Мұражайдағы жәдігерлер, олардың қысқаша тарихын оқып көптеген тың мәліметтер алды. Мұражайдағы мәліметтер ҰБТ тапсырушы тыңдаушыларға Қазақстан тарихы пәні бойынша да білімдеріне үлес қосқанын айта кетсек болады. Тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырғаны табиғат мұражайындағы мамонттар, динозаврлар қаңқалары, түрлі буынаяқтылардың нақты кептірілген үлгілері болды.

Ары қарай оқу >>

Наурыздағы Отырар кереметі

23-нау-23

Түркістан облысы Отырар ауданында 21-23 наурыз күндері "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті мен"National Geographic-Kazakhstan” журналының қолдауымен республикалық фотобайқау өтті. Байқауға Астана, Алматы, Өскемен, Тараз және Түркістан қалаларынан әртүрлі жастағы 10 фотосуретші қатысты. Фотографтар Наурыз мерекесінен бөлек, Отырар қалашығында, Арыстан баб кесенесінде, Арыс жағалауында болып әртүрлі ракурстан фото түсіріп, қазылар алқасына 30 жұмыс ұсынды. Фотобайқау сайысында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Аманкел Ерханат 3-ші жүлделі орын иеленді.

Ары қарай оқу >>

"Жас шебер" стартабы

19-нау-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен "ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!" мерекелік шарасы аясында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
«ЖАС ШЕБЕР» стартабы
«Ұлттық құндылықтарды ұлықтайық!» атты жәрмеңкеге Моңғолия, Қытай, Иран елдерінен келген тыңдаушылардың қолдан жасаған бұйымдарын шығарды. Қызығушылық танытқандар көп болды. Жәрмеңке жоғары деңгейде өтуде.

Ары қарай оқу >>

Қош келдің әз-Наурыз!

19-нау-23

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта атап өтті. «Жаңа Қазақстан: Қоғамды ұйыстыратын құндылықтар» мерекелік бағдарламасының мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын атап өту және оның маңыздылығын арттыру тапсырмасын жүзеге асыру. 

Жаңа тұжырымдаманы қамтыған іс-шарада қазақстандық танымал суретшілер мен қолөнер шеберлерінің,  университет фотограф-оқытушылары мен студенттерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар түрлі баспалар жаңа өнімдерін ұсынып, Наурыз мерекесінің әлем елдерінде тойлану үрдістері таныстырылды.

Оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев жиылғандарды мерекелік шара бағдарламасымен таныстырып, жаңа форматтың халықты біріктірудегі маңызына тоқталды.

Ары қарай оқу >>

"Кім тапқыр?" интеллектуалды білім сайысы

18-нау-23

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының "Жатақханадағы іс-шаралар" апталығы аясын 2023 жылы 19 наурыз сағат 14.30-да, №14 жатақханада "ШАМШЫРАҚ" клубы мен “Математика және Логика” үйірме мүшелерінің "Кім тапқыр?" интеллектуалды білім сайысы өтті. "Адам мен адамды,ел мен елді теңестіретін -білім" дегендей, жастар ұлттық дүниетаным,салт-дәстүр,этнопедагогика бағытындағы танымдық сұрақтарға жауап берді,түсінігін айтып,қазіргі күнде ұмытылып бара жатқан кейбір әдет-ғұрыптар туралы мағлұматтар алды.
"ШАМШЫРАҚ " клубы мен “Математика және Логика” үйірме жетекшісілері: Ж.С.Әділханова, Г.М.Мужигова, Г.Т.Тілеужанова, Ұ.М. Уралбекова

Ары қарай оқу >>

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшілігімен кездесуі

16-нау-23

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының Өзбекстан Республикасынан келген тыңдаушылары, Университеттің 15 қабатында өткен, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшілігімен кездесті. Өзбекстан Республикасының Бас консулы Фатхуллаев Аброр Джахангировичпен және бас консульдың орынбасары Абдулкаримов Жамолдинхожа мырзамен кездесіп қайтты. Бұл кездесудің мақсаты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып жатқан шәкірттердің мәселелерін талқылап, олардың жағдайымен танысып, осы оқу орнындағы алып жатқан білімдері жайлы сұрап, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін сұқбаттасып, тыңдаушылардың ризашылығын алып қайтты. Факультетте әр мемлекеттен келген шетелдік тыңдаушылар білім алып жатқандықтан, бұндай кездесулер жиі болып тұрады. С

Ары қарай оқу >>

“М.Қашқари мен Ж.Баласағұнидың бізге жеткен мұрасы”

15-нау-23

15.03.2023ж. сағат 18.00-де Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіЖоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 14 жатақханада “М.Қашқари мен Ж.Баласағұнидың бізге жеткен мұрасы” атты іс шара өтті.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық киім-мәдени мұра

14-нау-23

Ұлттық құндылықтар апталығының аясында 13 наурыз күні ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының топ куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім-мәдени мұра» атты мәдени-танымдық тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: тыңдаушылардың бойында ұлттық киімге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін бойына сіңіре отырып, тыңдаушылардың эстетикалық талғамын, ұлттық киімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ары қарай оқу >>

Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі

13-нау-23

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында Ұлттық киімді ұлықтау шарасының аясында ауған топтарының қатысуымен №14 студенттер үйінде «Ең әдемі киім-ұлтыңның киімі» атты шара өтті. Ұйымдастырушылар: ауған топтарының кураторлары.

Ары қарай оқу >>

Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы

22-ақп-23

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы үйірме мен клубтар апталығының аясында «Жас ғалым» мен «Өлкетану»  клубтарының мүшелері 22 ақпан күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайын тамашалады

Ары қарай оқу >>