Жаңалықтар

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы, Математика секциясы

7-сәу-23

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы, Математика секция бойынша қорғау жұмыстары аяқталды. Конференция жұмыстарында Геометриялық есептерді математикалық жолмен шешу жолдары, Актуарлық математика және оның заманауи қолданылуы, Application of mathematics in daily life, Ұлықбек обсерваториясы тақырыптары бойынша тыңдаушылардың жұмыстары тыңдалды. 

Марапаттау нәтижесі:

I орын – Урметов Нурлыбек

II орын - Чамани Пардис, Ахмад Икбал Хабиби

III орын – Алмасбек Ерназ, Сархыт Ерназар, Серікбол Айбота

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы, Тарих секциясы (қосалқы)

7-сәу-23

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы Студенттер мен жас ғалымдардың«ФАРАБИ ӘЛЕМІ»атты халықаралық ғылыми конференциясының жұмыстары әр секция бойынша жалғасуда. ТАРИХ СЕКЦИЯСЫ (ҚОСАЛҚЫ) – “ӘЛЕМ ДАМУЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ” бойынша 33 тыңдаушынын ғылыми жұмыстары тыңдалып, өзекті тақырыптар талқыланып, конференцияға қатысып отырған жас ғалымдармен ой-пікірлерімен алмасты.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты ғылыми конференциясы, ағылшын тілі секциясы

7-сәу-23

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының шетелдік тыңдаушылары Студенттер мен жас ғалымдардың ,,Фараби әлемі,, атты конференцияның "Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мәдениеттің болашағы" секциясында баяндама жасады.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы, Қазақ тілі секциясы

7-сәу-23

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясының жұмыстары әр секция бойынша жалғасуда. Қазақ тілі секциясында 21 тыңдаушының ғылыми жұмыстары тыңдалып, өзекті тақырыптар талқыланды. Қазақ тілі секциясы-Тәуелсіз Қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асырудағы жастардың рөлі мен әлеуеті тақырыбында өздерінің жобасын қорғап, қазіргі таңдағы өзекті болып тұрған тіл мәселесі қозғалды. Конференцияға қатысып отырған жас ғалымдар мен тыңдаушылар өз ойларын ашық ортаға салды. Сонымен қатар тиісті жүлделі орындармен марапатталды.
І дәрежелі: Дәуітхан Саяхатт
ІІ дәрежелі: Дамыс Косманавт, Жаңатай Элина
Ill дәрежелі: Қашуан Ақжол, Арсул Расул, Спан Аружан.

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы, Жаратылыстану секция

7-сәу-23

Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы, Жаратылыстану секция бойынша қорғау жұмыстары аяқталды. Конференция жұмыстарында микробиология саласынан бастап, жаһандық жылыну тақырыптарына дейін негізгі мәселелер қозғалды. Зерттеу бөлімінде әртүрлі әдістер қолданды. Соның қатарында зерттеу институты, әлеуметтік сауалнама, статистикалық нәтижелер, ақпараттық технология және тағы басқа құралдар болды.
Марапаттау нәтижесі:
I орын - Дина Бағланбек
II орын - Чамани Микаел, Мохаммад Каихан Хабиби
III орын - Мамырхан Акелик, Сутемгенова Аружан және Абилхаир Нұрдана, Shadkam Ania және Mohammad issa Hanan

Ары қарай оқу >>

Бизнес инкубатор жобасы аясындағы "Жас шебер" стартабы

7-сәу-23

л-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы Студенттер мен жас ғалымдардың
«ФАРАБИ ӘЛЕМІ»
атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес инкубатор жобасына кафедрамыздан "ЖАС ШЕБЕР" стартабының мүшелері: Досымбек Мария, Серікбол Арайлым, Амантай Көгершін қатысып, өз жобаларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Барлық қатысушыларға креативті шығармашылық орталықпен жұмыс жасауға ұсыныс жасалды.

Ары қарай оқу >>

Ұстаз сыйы

5-сәу-23

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы А.Е.Үсенбекова өзі сабақ беретін, биология мамандығын таңдаған 19 - топ тыңдаушыларына өзінің авторлық кітабын тегін таратып берді. Кітап биология ғылымының адам организмі бөлімі, сондай-ақ, ҰБТ тапсыруға арналған жаңа форматты тест тапсырмалары мен жауаптарынан тұрады. Бұл кітаптың тыңдаушылардың білімін нығайтуына көмегі болары сөзсіз.

Ары қарай оқу >>

"Мен таңдаған мамандық" апталығы

5-сәу-23

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан ауғанстандық тыңдаушылар ,,Мен таңдаған мамандық,, атты кәсіби-бағдар апталығы шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және химия факультеттеріне барып танысып, керекті сұрақтарына жауаптар алды.

Ары қарай оқу >>

Стипендиялық бағдарлама

3-сәу-23

Жоғары оқу орнына дайындық кафедрасында 3 сәуір күні тыңдаушылардың қатысуымен мәжіліс өтті. Мәжілісте деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Б Амирханов «Отандастар қорынан» бөлінетін стипендиялық бағдарлама бойынша бакалавриатқа 490 орын берілгені, ал құжаттар 30.04-30.06 аралығыда онлайн тапсыруға болатыны жайлы айтылды.

Ары қарай оқу >>

М.О.Әуезов мұражай үйі

29-нау-23

Бүгін ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының биология бағытындағы білім алушы тыңдаушылар М.О.Әуезовтың мұражай үйіне саяхат жасады. Ғұлама жазушының үйіндегі жұмыс бөлмесімен, қолжазбаларымен, жеке заттарымен,  үлкен кітапханасымен танысты. Жұмыс бөлмесіндегі  Мұхтар атамыздың "Абай жолы" романын жазған үстелі  тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды.  Мұражай үйдің ауласындағы ғұлама жазушының 1957 ж. өз қолымен отырғызған грек жаңғағының  осы күнге дейін жеміс беріп тұрғанын  біліп  таң қалдық.  Мұражайға саяхат тыңдаушыларға өте ұнады.

Ары қарай оқу >>