Кино фестиваль

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркі дүниесі деректі фильмдер IV Халықаралық фестивалі қазақстандық бағдарламасының ашылуы өтті. Кинофестивальге Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Венгрия, Македония, Кипр елдері жетекші серіктес-университеттерінің үздік жұмыстары қатысады. Фильмдер әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызды тақырыптарды, жастар тәрбиесін қамтиды.Сонымен қатар ол әлем кинематографиясындағы және түркі елдерінің мәдени байланысының нығаюындағы зор үлесі үшін Асанәлі Әшімовке салтанатты түрде арнайы марапатты табыс етті. ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының 6-8 топ тыңдаушылары қатысып кино әлеміне біраз қызығушылықтар пайда болғанын айтты.


Басылым күні :  16.04.2020