Әлем мәдениетіндегі Әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ПРЕСС-АНОНС

 

Құрметті әріптестер!

 

2023 жылдың 21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында философия ғылымының докторы, профессор Алтаев Жақыпбек Алтайұлының 75 жасқа толуына орай «Әлем мәдениетіндегі Әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, әл-Фараби орталығы, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық философиялық конгресс ұйымдастырып отыр.

Конференция әлемдік философия мен ғылымдағы Әл-Фараби мұрасы, Әл-Фараби және түрік халықтарының философиясы, Заманауи Қазақстан философиясы: негізгі мәселелері мен келешегі бағыттарын қамтиды.

«Әлем мәдениетіндегі Әл-Фараби: ойшыл, философ, ғалым» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында профессор Жақыпбек Алтайұлының еңбектерінің көрмесі, өмір жолына арналған фотокөрме қойылып, деректі фильм көрсетіледі.

Шара аясында «Дарын» баспасынан мерейтой иесіне арналған жаңа библиографиялық жинақтың және ғалымның «Ортағасыр классикалық философиясы» (қазақ, орыс тілдерінде), «Әл-Фараби философиясы» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) және «Ислам әлемі ойшылдары» сериясы кітапшаларының (қазақ, орыс тілдерінде) тұсауы кесіледі.

Шараға танымал тұлғалар, ғалымдар, студенттер мен магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар, көпшілік қауым қатысады.

Аталған іс-шаралардың қарсаңында, 04 сәуір-20 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде профессор Алтаев Жақыпбек Алтайұлының шығармашылығының апталығы өткізіледі.  

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.

Конференция материалдары бойынша қатысушылардың мақалалар жинағы шығарылады.

Өтетін орны:

Мекен-жайы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби ғылыми кітапханасы. Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71/27, 409 зал.

21 сәуір, 2023 жыл 

 

Ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, әл-Фараби орталығы, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Қазақстандық философиялық конгресс.

 

+77086321985 Жұлдыз Иманбаева,

+77007890987 Самет Байжұма,

+77475453767 Қанат Алтынбеков

Электрондық пошта: zh.altaev2023@gmail.com      

Философия кафедрасы

 

 

 

 

 

Басылым күні :  20.04.2023