Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлт ұстазы

23.12.2022

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдығына арналған "А.Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы" атты онкүндіктің қорытындысына арналған дөңгелек үстелі өтті. Шараға А.Байтұрсынұлының мұражай-үйінің ғылыми қызметкері Ақерке Ибрагимова қатысты. 

Ары қарай оқу >>

Жас тарихшылар

23.12.2022

"Жас тарихшылар" үйірмесі аясында "Қазақ хандығына саяхат" тақырыбында интеллектуалды-танымдық сайыс өтті. 6,7 топ тыңдаушылары Қазақ хандығы кезеңін қорытындылады. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті.

Ары қарай оқу >>

Кітапхана

10.12.2022

Кітапхана- рухани қазына.
ЖОО- ға дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан ауған тыңдаушылары 10 желтоқсан күні ҚазҰУ қалашығында орналасқан Әл- Фараби кітапханасына барып, қызықты мәліметтермен танысты. Бұл кітапхана университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы болып табылады. Кітапхана гиді Көбегенова Құндыз шетелдік тыңдаушыларды Ғұлама ойшылға арналған мұражайға апарып, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдар қойылған көрмені көрсетіп, әйгілі қайраткерлерге арналған залдарды аралатып, Ауғанстан бұрышы, Сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залымен жан- жақты таныстырды.

Ары қарай оқу >>

Биологиялық ғылыми мұражайға саяхат

08.12.2022

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасында оқитын тыңдаушылар Биофакта орналасқан биологиялық ғылыми мұражайға саяхат жасады. Саяхатта тыңдаушылар көптеген қызықты мәлімет алды.

Ары қарай оқу >>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері

07.12.2022

06.12.2022 ж. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары мен тыңдаушылары конференцияға қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінің зертханаларына саяхат

05.12.2022

"Эврика" үйірмесі аясында кафедрамыздың физика-математика топтарының тыңдаушылары болашақ талапкер ретінде Университетіміздің физика-техника факультетінде болып қайтты. Жылуфизика және техникалық физика кафедрасындағы негізгі зертханалармен танысып, физикалық  тәжірибелер жасайтын қондырғылар мен құралдарды көрді. Сонымен қатар, Samsung Innovation Campus-та, креофизика зертханасында жасалып жатқан зерттеу жұмыстарымен танысты. Факультеттегі мамандықтар жайлы кеңес алып, физиканың сан-салалы бағыттарына шолу жасап қайтты.

Ары қарай оқу >>

“Көшбасшылық дәрісі”

05.12.2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы фил.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сәбит Құрманжанұлы Суатай мырзаның ұйымдастыруымен “Көшбасшылық дәрісі” өтті. Көшбасшылық дәрістің қонағы, “Кең дүние”, “Уақыт жүрегі”, “Темірен” кітаптарының авторы, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, ақын Бақыт Беделханұлының “Уақыт пен Бақыт” атты жыр кешімен жалғасын тапты. Әдемі кештің көркін өнер жұлдыздарымен қыздыра түсті. Кешке ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларыда белсене атсалысып ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқып, факультетіміздің жас ақын тыңдаушыларға “ақын жолындағы “біраз тәжірбиесімен бөлісіп жас ақындарға қаламдарының қарқымы мықты болуларына тілегін білдірді.

Ары қарай оқу >>

"Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі"

30.11.2022

30 қараша "Жас тарихшылар" үйірмесі аясында "Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі" тақырыбында  интеллектуалды-танымдық сайыс өтті. 7, 9 топ тыңдаушылары Қазақстанның ортағасырлар кезеңін қорытындылады. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті.
"Жас тарихшылар" үйірмесінің жетекшілері

Ары қарай оқу >>

Ауғанстандық магистрлар биология мұражайымен танысты

26.11.2022

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тіл үйренуші ауғанстандық магистрлар ағымдағы жылдың 26 қараша күні университеттің биология мұражайына барып, мұражайда үш бөлімнен тұратын үлкен көрме залымен танысты. 

Ары қарай оқу >>

"Алтын күз"

26.11.2022

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында «Алтын күз» атты кезекті іс-шарасы өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары және тыңдаушыларының 100% құрамы қатысып, белсенді ат салысты.  

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұртілеуова С.Р., Уралбекова Ұ, Буланова С.Т. , Сейсенбаева М.С., Исаева Н.Т., Сапаров М.Б.

Ары қарай оқу >>