Ауғанстандық магистрлар биология мұражайымен танысты

26.11.2022

Көрулер: 611

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тіл үйренуші ауғанстандық магистрлар ағымдағы жылдың 26 қараша күні университеттің биология мұражайына барып, мұражайда үш бөлімнен тұратын үлкен көрме залымен танысты. Биомузейдің аға қызметкері Жардамалиева Анар Бахытхалиқызы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология мұражайы Республика аумағында ғана емес, ТМД жоғарғы оқу орындарының арасында теңдесі жоқ бірегей мұражай, бұл мекеме университеттің Phd, магистранттар мен бакалаврлар пайдаланатын ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағарту орталығы екеніндігін де айта кетті. Залдағы жәдігерлер биология ғылымының қазіргі тақырып бағыттарына байланысты жүйелі түрде бөлімдерге бөлінгені де айтылды.

     Тіл үйренуші магистрлар мұражай залындағы Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілердің 6 отрядының 17 тұқымдасының түрлері қойылған, жалпы саны 92. Құстардың 15 отрядының 41 тұқымдасының 127 түрі қойылған, жалпы саны – 261. Экспонаттар арасында халықаралық (МСОП) және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеліп қорғауға алынған түрлерімен танысып, кейбір хайуанаттардың Ауғанстанның Памир тауында бар екенін айтып, аға қызметкермен өз ойларын бөлісті. Мұражайдағы барлық экспонаттармен танысып болған соң, мұражай қызметкеріне алғыстарын білдіріп, өте пайдалы мәліметтер алғанына ризашылықтарын білдіріп, мұражай кітапшасына өз қолтаңбаларын дәри,ағылшын тілдерінде жазып қалдырды.