Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлт ұстазы

23.12.2022

Көрулер: 688

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдығына арналған "А.Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы" атты онкүндіктің қорытындысына арналған дөңгелек үстелі өтті. Шараға А.Байтұрсынұлының мұражай-үйінің ғылыми қызметкері Ақерке Ибрагимова қатысты. Ол шетелден келген қазақ және шетелдік тыңдаушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кең мағлұматтар берді. Апталық аясында шәкірттер шығармашылық байқауға өздерінің жұмыстарын ұсынды. Барлығы елуден аса поэзия,эссе,мақала және суреттер жиналды. Байқауға қатысушылардың арасынан оза шыққан талантты жастар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
І-орын иегері: тыңдаушы Дәуітханұлы Саяхат.
ІІ- орын иегерлері: Космонав Дамыс, Арайлым Серікбол.
ІІІ-орын иелері: Көгершін Амантай, Әбдіжәміл Бейбіт, Бақытбек Еламан ие болды.
АИР тыңдаушыларынан көркем жазу конкурсынан үздік болғандар І-орын:Захид Мусадир,
ІІ-орын:Хашами Мохаммад,Шакир Ахмад Уллах,ІІІ-орын Ихсас Рахмуддин, Неязи Гулам Рабани,Хабиби Ахмад Икбал иеленді. Байқауға қатысқан барлық тыңдаушыларға алғыс білдіреміз! Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған мұрасы- ел үшін мәңгілік үлгі-өнеге.